Айт намаз 2018 когда

Закрыть ... [X]

Бүкіл күндердің және түндердің сұлтаны атанған қасиетті Қадір түні жақындап келеді. Ендеше бұл күні не істеуіміз керек, қандай амал жасап, құлшылықтың қай түрін арттырғанымыз дұрыс?

Батырхан, Теміртау қаласы


Қадыр кеші

Қадыр кешінің уақыты: Күн батқаннан сәресіге дейін жалғасады.

Қадыр түнінде не істеу керек?

Біріншіден, Алла Тағалаға құлшылық жасап, намаз оқу керек.

Екіншіден, құран оқып, оның мағынасын терең түсініп, үйреніп, үйрету қажет.

Үшіншіден, діни білім алып, уағыз тыңдап, шариғат үкімдерін бойға сіңірген жөн.

Төртіншіден, тәспі тартып, зікір салу керек.

Бесіншіден, діни кітаптарды оқып, діни фильмдер көрген жөн.

Алтыншыдан, көп дұға қылып, тілек тілеген абзал.

Жетіншіден, мүмкіндігінше мешітке келіп, Қадір түнінің құрметіне намаз оқыған дұрыс. Ескерте кететін жайт, мешітке келген кезде дүние сөзін сөйлемеу керек. Басқаларға бөгет жасамаған жөн.

Қадыр түнінің намазы.

Ниет: Алла тағаланың ризалығы үшін ниет еттім Қадыр түнінің құрметіне осы намазды өтеуге, Аллаһу әкбар.

Бірінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.

Екінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.

Үшінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Қадыр сүресі оқылады.

Төртінші рекіғатта: 1 Фатиха сүресі, 3 Ықлас сүресі оқылады.

Намаздан соң мына дұғаларды оқыған абзал.

1.Ықлас сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

2.Қадыр сүресі – 100 рет. Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Құрметті мұсылман қауым, ұстаған оразаларымызды, оқыған тарауық намаздарымызды Алла Тағала қабыл етсін. Шілденің 23-інен 24-іне қараған түн – Қасиетті Қадір түні болып есептеледі.

«Қадір түні не істеу керек?» деген сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мамандары былай деп жауап берді:

–Алла Тағалаға мадақтар болсын, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салауат болсын, сонымен бірге Алла Тағала барлық мұсылмандардың жүректеріне иман беріп, тура жолға бастасын. Бүгін Қадыр түніне ерекше тоқталғым келіп отыр. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде осы түн туралы бізге хабар берген, сондықтан бұл түннің қандай ерекшелігі бар екендігі туралы кеңінен айтқанымыз жөн. Бұл түн тек қана осы Рамазан айында болады, сонымен бірге сауабы жағынан бұл түнге сәйкес келетін түн жоқ. Қадір түнінде Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Құран Кәрім түскен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қырық жасқа келген кезде өзі жалғыз Хира үңгірінде отырған кезінде Жәбрейіл (а.с) Құранның алғашқы аяттарын түсіреді. Сонда Жәбрейіл (а.с) Пайғамбарымызды қатты қысып, бұйрық берді: «Оқы!»,- деп. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен оқи алмаймын», - деп жауап қатты. Осылайша үш рет қайтарады. Үшінші рет қысқан кезде оқиды. Демек, Пайғамбарымыз Құран Кәрімнен бастады, ендеше біздер де Құран Кәрім оқудан бастауымыз керек. Өйткені, алғашқы аяттар оқуға шақырушы еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) көп хадистерінде бұл Қадыр түнін ең соңғы он күннің ішінде деп баяндап беріп кетеді, ал басқа хадистерде Рамазанның 27-ші күнінде Қадір түні кіретіні баяндалған. Сондықтан біз қолдан келгенше Рамазан айының соңғы он күнді бос жібермеуге тырысуымыз керек.

Қадыр түнінің мұсылманға қандай пайдасы бар?

Ғалымдар төрт маңызды сауабы бар деп бізге жеткізген:

1.Бұл Қадыр түні 1000 айдан жақсы дейді, яғни адам баласының өмірі көп кетсе қазіргі уақытта 70 немесе 80 жаспен шектеледі. Сонда мың ай 84 жылмен бірдей, яғни өмірбойы құлшылық істегеннің сауабын бір түннің ішінде аласыз. Демек, бұл түнде намаз оқысаңыз, 84 жыл намаз оқып шыққанмен бірдей болады. Егер, сіз садақа берсеңіз, онда 84 жыл беріп жүрген боласыз. Міне, осылайша барлық жұмыстарымызды теңдестіруге болады. Сондықтан, Алла Тағаланың 1000 айды айту себебі мұсылман адамда осы түн үшін ерекше махаббат болу керек, сонымен бірге Алла Тағала бізді қызықтырып отыр.

2. Қадыр түнінде Алла Тағала біздің дұғамызды қайтарып тастамай, қабыл етеді. Дәл осы түні қабыл ететін себебі: Қадыр түнінде аспаннан періштелер түседі. Олар жерде жүріп, барлық хабарды Алла Тағалаға жеткізеді. Бұл Құран Кәрімде бізге баяндалынып берілген.

3. Бұл түні құлшылық істесек, бұрынғы күнәларымызды жояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім Қадыр түнінің сауабына сеніп, шын көңілімен құлшылық жасайтын болса, онда Алла Тағала оның бұрынғы күнәларын кешіреді», - деген. Ғалымдардың бір тобы үлкен күнә немесе кішкентай күнәлар деп бөлсе, енді бір тобы: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) нақты күнәларды бөлген жоқ, сондықтан ол қандай күнә болса да Алла Тағала кешіреді»,- дейді. Сондықтан, құрметті мұсылман қауым, осы түнде шын көңілмен Алла Тағаладан күнәларымыз үшін кешірім сұрауымыз керек. Демек ,күнәдан арылу үшін бір жерге барудың немесе басқа жұмыс істеудің керегі жоқ, тек қана шын көңілмен құлшылық істесек, сонда ол қабыл болып, біздің күнәларымыз кешіріледі.

4. Тозақ отынан сақталады. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Рамазан айының алғашқы он күні мейірбандық күндері, ал екінші онкүндік кешірімділік күндері, ал ең соңғы он күні тозақ азабынан сақтанатын күндері», - деген. Демек, сен Рамазан айына күнә жұмыстармен кіргенде, ең бірінші Алла Тағала саған мейірбандық істейді, ал онан кейін күнәларыңды кешіреді, содан кейін тозақ азабынан сақтайды, яғни тозаққа кірмейміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) басқа хадисінде былай дейді: «Рамазан айының соңғы он күніне кіргенде, Алла Тағала көп мұсылманның мойындарын тозақ отынан сақтайды (босатады)». Сонда сахабалар: Я, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Неге, дәл ең соңғы күндері тозақтан босатады?»,- деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендер жұмысшыларды көрмедіңдер ме? Олар бір ай бойы жұмыс істейді, ал айдың аяғында олар еңбектерін алмай ма?»,- деп жауап берді. Міне, біздер де бір ай бойы ораза ұстадық, сонымен бірге намаздарды тастамай Алла Тағаладан күнәларымызды кешіруді сұрадық. Енді, сол еңбек үшін Алла Тағала біздің бұрынғы күнәларымызды кешіріп, тозақ отынан сақтап жәннатқа кіргізеді. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылмандарға түсінікті болу үшін мысалмен түсіндіріп берді. Ал бір кісі бар бір ай бойы жұмыс істемеді, бәлкім, жұмысты тастап кетіп немесе жұмысқа немқұрайлы қарады. Сонда ол кісі айдың аяғында өз жұмысын дұрыс атқармаған болса, маған ақша беріңдер деп қалай сұрайды. Сондықтан оразада да дәл солай, егер біздер ораза ұстап жүріп, біреуді жамандап, өтірік сөз айтып, харамнан ақша тапсақ немесе мешітке келген кезде бос сөздерді айтсақ немесе істеген күнә жұмыс үшін Алла Тағаладан кешірім сұрамасақ, онда қалайша айдың аяғында Алла Тағала бізге сыйлық береді, яғни бізді қалай тозақ отынан сақтап, жәннатқа кіргізеді. Ол біз үшін ең үлкен сыйлық болып саналады. Демек, Алла Тағала бізге осы Қадыр түнінде сауабын беріп, сонымен бірге тозақ отынан аман қалдырамын десе, Алла Тағала өзінің сөзінен қайтпайды, оны орындайды.

Енді осы он күнде қандай жұмыстарды істеген сауап болады? Біріншіден, тарауық намазына келу оқу керек. 2.Құран Кәрімді осы он күн ішінде хатым істеу, яғни күнде үш рет оқыса, сонда он күнде барлығын оқыған болады. Демек, бұл уақытты босқа жібермеу керек. 3.Тахажжуд (түнгі) намазды тастамай оқу керек. Өйткені, бұл Алла мен пенденің арасында болған байланыс. Бұны ешкім көрмейді, сонымен бірге Алла Тағала күнде аспаннан жерге періштелерді түсіреді. Пенделері кешірім сұрап жатқан болса, кешіреді. Ал, кім тәубә етіп жатса, оның тәубәсін қабыл етеді. Сұрап жатқан кісінің сұрағанын береді. Сондықтан тахажжуд намазын өткізбеу керек. Сахих Бухари былай келтіреді: Жәбрейіл (а.с) Пайғамбарымызға (с.ғ.с) Рамазан айында Қадыр түні қай күні екендігін баяндап береді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұны естіген соң мұсылмандарға хабар беру үшін, үйінен шығып мешітке кіріп бара жатқан кезде, екі мұсылман бір-бірімен ұрысып жатқанын көріп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Қадыр түні қай күн екендігін ұмытып қалады. Демек, екі мұсылман бір-бірімен тартысып ұрысса, осындай қасиетті түнді ұмытуға себеп болады. Сондықтан, мұсылман басқа мұсылман кісімен тартыспау керек. Қазіргі уақытта барлығы бір-бірімен тартысып ұрысқанды жақсы көреді. Егер Рамазан айында бір-бірімізді ренжіткен болсақ, онда кешірім сұрайық, бір-бірімізге қол көтерген болсақ, онда барып қайтадан татуласуға тырысу керек.

Сондықтан, құрметті ағайын, осы Қадыр түні жұп күнінен тақ күніне өткен түн болғандықтан, ең соңғы күндерде намаз оқып, Алла Тағаладан кешірім сұрауымыз керек. Мешіттер 27 түні ашық болады, бірақ өкінішке орай, көп кісілер осы мешітке жай отыру немесе әңгіме айту үшін келеді. Бұның барлығы қате болып саналады. Егер біз осындай ниетпен мешітке келетін болсақ, онда ол Алла Тағала алдында қабыл болмайды, сонымен бірге кейбір кісілер мешітке тамақтарын бірге алып келіп, осында тамақтанады. Бұның барлығы қате болып саналады. Сондықтан, Қадыр түні жұмыстарымыз қабыл болсын десек, ең бастысы құлшылық істеу керек. Сонда Алла Тағалаға жақсы болады. Ал, енді мешітке келіп, бұл жерде уағызды тыңдамаса немесе бос сөздерді айтып отырса, онда ол қалай қабыл болады. Қадір түнінің сауабына тең келетін түн жоқ, сондықтан бұл түнді бос өткізбеуге тырысып, Алла Тағаладан қалаған нәрсемізді сұрауымыз керек. Алла Тағала біздің жақсы жұмыстармызды қабыл етсін. Амин!


Осы жердесіз: Негізгі бет » Өзге тақырыптар » Ислам діні


Көрілген: 27626    Пікірлер: 1


Источник: http://alashainasy.kz/din_islam/kadyir-tunnde-ne-steu-kerek-52334/


Поделись с друзьями



Рекомендуем посмотреть ещё:



Кыргызстан сонку - акыркы жанылыктар кабарлар
Сколько денег дарят на свадьбу в 2018 году в москвеКиа пиканто 2018 новый кузов фото ценаКартинки с поздравлением старого нового года 2018Смотреть фильм команда 2018 россияАванс по заработной плате по новым правилам в 2018


Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда Айт намаз 2018 когда


ШОКИРУЮЩИЕ НОВОСТИ